✨Облыстық «Тірек мектебі: білім берудегі өзгерістерді басқару көшбасшысы» семинары өтті

◾2026 жылғы 14 сәуірде А. Ибраев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің базасында Жаңасемей ауданының білім бөліміне қарасты тірек мектептері мен шағын жинақты мектептердің директорлары, орынбасарлары және Бородулиха ауданы мен Жарма ауданындағы «Қазақстан халқына» қоғамдық қорымен жабдықталған тірек мектептері педагогтерінің тәжірибе алмасуына бағытталған семинар өткізілді.
🎯Семинар мақсаты – тірек мектебінің білім беру жүйесіндегі рөлін айқындау, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту.
🔷Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығының директоры Айнұр Серғалиқызы: «Ауылдық елді мекенде тұратын әрбір баланың заманауи талаптарға сәйкес, оның жан-жақты дамуы мен табысты әлеуметтенуіне ықпал ететін сапалы білім алуына тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылып отырған семинарда қатысушылар табысты жұмыстарымен бөліседі, пікір алмасады, пайдалы құралдар мен стратегиялар жасақталады.
Әрбір іс-әрекет барысында шешілуі тиіс мәселе туындайтынын білеміз, тірек мектептерінде қашықтан білім беруді ұйымдастырудағы туындаған мәселелер ортаға салынып, бірлескен шешім шығарылады деген ойдамын», - деп атап өтті.
«Ауыл мектебі-сапа алаңы» жобасы аясындағы аталған іс-шараға қатысқан 80 астам басшы мен басшының орынбасары, педагог екі кезеңде жұмыс жасады.
І тәжірибелік алаңда А. Ибраев атындағы тірек мектебінің ағылшын тілі, математика, физика, химия, биология пән мұғалімдері шағын жинақты мектептің білім алушыларына қашықтан сабақ өткізді.
ІІ тәжірибелік алаңда қатысушылар тірек мектебі мен шағын жинақты мектептердің оқу қызметін ұйымдастырудың тиімді қадамдары, жобаны жүзеге асырудағы кедергілерді шешу мен нәтижеге жетудегі командалық жұмысты дамытуға бағытталған топтық тапсырмалар орындалып, табысты кейстерді ортаға салу арқылы пікір алмасты.
Іс-шара соңында қатысушылар білім беру жүйесін дамытуда тірек мектептердің жетекші рөл атқаратынын атап өтіп, алдағы уақытта ынтымақтастықты нығайтуға және үздік тәжірибелерді кеңінен таратуға дайын екендіктерін білдірді.
Мұндай семинарлар педагогтердің кәсіби дамуына серпін беріп, білім беру сапасын жаңа деңгейге көтеруге ықпал етеді.