Меню KDT

Басты бет

poster

Көркем еңбек пәні және қосымша білім беру ұйымдары педагогтерінің кәсіби шеберлігін арттыру, білім алушылардың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыру, этномәдени мұраны көркем еңбек сабағында тиімді пайдалану тәсілдерін талдау мақсатында «Көркем еңбек сабағында этнокөркем мәдениетті қалыптастырудың тиімді жолдары» тақырыбында облыстық семинар өтті.

📚Семинар барысында Шәкәрім университетінің «Өнер» факультетінің меңгерушісі Рахат Берікбол этнокөркем мәдениет ұғымының мәнін ашу және оны оқу-тәрбие процесіне енгізу жолдарын көрсету, сабақта ұлттық сәндік-қолданбалы өнер элементтерін тиімді қолдану тәжірибесін тарату сынды арнайы тағылымды тақырыптарды пәнге ендірудің жолдарын түсіндіріп өтті.

📝Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығының тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы А. Абдухамитов көркем еңбек сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда этномәдени мазмұнның рөлін айқындау, мұғалімдер арасындағы тәжірибе алмасу алаңын құрудың мазмұнын баяндап, ұлттық өнер мен дәстүрдің көркем еңбектегі мәні туралы ғылыми-әдістемелік талдау жасады.

👩‍🏫Семинар қатысушылары ұлттық өрнек, киіз басу, ою-өрнек композициясы, ұлттық қолөнер бұйымдарын жасау, этнологиялық бағыттағы көркем жобалар, ұлттық нақыштағы дизайн тақырыптарында сұрақтар қойып, пікір таластырды.

🌿Семинар қорытындысында қатысушылар этнокөркем мәдениетті сабақ барысында дамытуға арналған әдістемелік жинақтармен танысып, серіктестік пен шығармашылық байланыс орнатты. Көркем еңбек пәнінің ұлттық бағыттағы мазмұнын сапалы түрде байытуға ұсыныстар берілді.

Галерея

Видеогалереясы