Меню KDT

Басты бет

poster

Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы 2026 жылғы 10 сәуірде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасында белгіленген базалық құндылықтарды және жасанды интеллектіні қазақ тілі мен әдебиеті пәні сабақтарына кіріктіру арқылы білім алушылардың функционалды сауаттылығын арттыру мақсатында Семей қаласы білім бөлімінің №27 жалпы орта білім беретін мектеп базасында гибридті (оффлайн-онлайн) форматта облыстық семинар-практикум өткізді.

Семинардың пленарлық бөлімінде Облыстық инновациялық- әдістемелік орталығы директорының оқу-әдістемелік жөніндегі орынбасары Г.М.Ахметова, №27 ЖОББМ директоры А.Т. Тукенова құндылықтарды барлық пәнге кіріктірудің маңызына тоқталды, Семей қаласы №27 ЖОББМ директордың оқу ісінің орынбасары Д.Е. Шәріпхан, Аягөз қаласы С. Ғаббасов ат. ОББМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі А.С. Узбекова, Абай ат. ММГИ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.А. Тайгулова, Семей қаласы «№7 ЖОББМЛ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі М.Ш.Серикбаева іс-тәжірибелерінен тиімді лайфхактарымен бөлісті.
📚Іс-шара тәжірибелік алаңмен жалғасып, №27 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі педагогтері шеберлік сыныптар керуенін ұйымдастырды. Аталмыш семинар қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында ұлттық құндылықтар мен ЖИ-ді кіріктіріп оқытудың тиімді жолдарын ашып, бұл әдістің жас ұрпақ тәрбиесіндегі маңызын айқындаған мазмұнды алаң болды.

Галерея

Видеогалереясы