Меню KDT

Басты бет

poster

2026 жылғы 9 сәуір күні ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің нормативтік және ұйымдастырушылық-практикалық аспектілерін талқылау, мамандардың жұмыс тәжірибесімен алмасу және сүйемелдеу қызметтері мен қолдау кабинеттерінің қызметін жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу мақсатында «ЕББҚ бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу: тәжірибе мен әдістемелік ұсынымдар» облыстық семинар-кеңесі өтті.

2026 жылғы 9 сәуір күні ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің нормативтік және ұйымдастырушылық-практикалық аспектілерін талқылау, мамандардың жұмыс тәжірибесімен алмасу және сүйемелдеу қызметтері мен қолдау кабинеттерінің қызметін жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу мақсатында «ЕББҚ бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу: тәжірибе мен әдістемелік ұсынымдар» облыстық семинар-кеңесі өтті.
Семинарға инклюзивті білім беру бағытындағы қалалық және аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен арнайы мектеп-интернат директорлары, техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының мамандары қатысты.
📝Семинарды облыстық инновациялық-әдістемелік орталық директоры Айнур Сергалиевна Исабаева ашып, қатысушыларға алғы сөз сөйледі. Ол өз сөзінде семинардың арнайы және инклюзивті білім берудің негізгі бағыттарымен танысуға, тәжірибе алмасуға және әдістемелік ұсыныстар алуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
🧬Іс-шара барысында облыстық инклюзивті білім беру бөлімінің басшысы Гульмира Рымбековна Увалиева «Инклюзивті білім берудің заманауи парадигмасы» атты жаңа әдістемелік нұсқаулықпен таныстырып, оның практикалық маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беру жағдайларын бағалау жөніндегі мониторингтік топтардың жұмысын ұйымдастыру бойынша нұсқаулық берді.
📚Өңірлік психологиялық қолдау әдістемелік орталығының әдіскері Разакова Айнура Тайбековна «Ерекше білім беруді қажет ететін балалар мен олардың ата-аналарына психологиялық көмек көрсетуде психологиялық қолдау орталығының рөлі» тақырыбында баяндама жасады.
👩‍🏫Облыстық инновациялық-әдістемелік орталықтың арнайы және инклюзивті білім беру бөлімінің әдіскері Сыдыкова Гульшат Муратовна психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің қағидаларына өзгерістер енгізу (ОА министрлігінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 92 бұйрығы) мәселелеріне тоқталды
📚Семей қаласы білім бөлімінің «Мектеп жанындағы интернаты бар № 42 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ педагог-психологі Акпамбаева Асемгуль Оразгалиевна «Мектепте білім алушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді ұйымдастыру» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті.
Іс-шара барысында инклюзивті білім беруді дамыту, балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру, сондай-ақ ата-аналармен тиімді өзара әрекеттесу мәселелері кеңінен қарастырылды. Сонымен қатар, практикалық кейстер ұсынылып, қатысушыларға әдістемелік ұсынымдар берілді.
Семинар қорытындысында қатысушылар тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтіп, ЕББҚ бар балаларды сапалы психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар қабылдады.
🌿Аталған іс-шара өңірдегі инклюзивті білім беру сапасын арттыруға және мамандардың кәсіби құзыреттілігін нығайтуға бағытталған маңызды алаң болды.



Галерея







Видеогалереясы