Меню KDT

Басты бет

poster

2026 жылғы 26 мамырда Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығының «САПАЛЫ БІЛІМ: СТРАТЕГИЯ, ИННОВАЦИЯ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕ» жоспарына сәйкес Семей қаласында IV облыстық пәндік қауымдастықтар форумы өтті.

2026 жылғы 26 мамырда Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығының «САПАЛЫ БІЛІМ: СТРАТЕГИЯ, ИННОВАЦИЯ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕ» жоспарына сәйкес Семей қаласында IV облыстық пәндік қауымдастықтар форумы өтті.

Форум аясында орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің «Сапалы білім беру кеңістігіндегі бағалау әдістемесі: инновация және тәжірибе» тақырыбындағы секциялық жұмысы ұйымдастырылды.

Мақсаты – бағалау жүйесін механикалық бақылау құралынан білім алушыны дамытуға және білім сапасын арттыруға бағытталған тиімді құрал ретінде қайта қарастыру және трансформациялау.

Іс-шара жетекші педагогтер мен қауымдастық төрағаларын бағалау жүйесін жаңаша қарастыру мәселесі төңірегінде біріктірді. Форум қатысушылары қазіргі цифрлық дәуірде тек білім берумен шектелу жеткіліксіз екенін атап өтті. Басты назар білімнің қалай меңгерілетініне және оның оқушының тұлғалық әрі академиялық дамуына қалай ықпал ететініне аударылуы тиіс екендігі айтылды. Бүгінде бағалау – кез келген қатені оқушының жеке және академиялық өсу нүктесіне айналдыра алатын икемді әрі тиімді құрал.

Осындай бағалау тәсілдерін әзірлеу және енгізу бойынша тәжірибелерімен облыстың тәжірибелі педагогтері Кресс Ирина Александровна, Оспанова Нұргүл Төлегенқызы, Темерғалиева Дина Александровна, Раисова Гүлжанат Жиенғазықызы, Акпарова Ольга Валерьевна бөлісті.

Пәндік қауымдастық аясындағы бағалау әдістемесін жаңғырту қолдаушы әрі сапалы білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған.

Форум қорытындысында гуманитарлық білім беру сапасын арттыру және оқушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру мақсатында өңір мектептерінің тәжірибесіне енгізілетін практикалық ұсынымдар мен әдістемелік құралдар топтамасы әзірленді.




Галерея







Видеогалереясы