Меню KDT

Басты бет

poster

📣 «Педагог-зерттеуші» біліктілік санатына аттестациядан өтетін педагогтерге әдістемелік қолдау көрсетілді

📣 «Педагог-зерттеуші» біліктілік санатына аттестациядан өтетін педагогтерге әдістемелік қолдау көрсетілді

⚡️Педагогтерге «Педагог-зерттеуші» біліктілік санатын алу (растау) үшін құжаттарды сапалы дайындау бойынша әдістемелік қолдау көрсету мақсатында 2026 жылғы 30 наурыз – 2 сәуір аралығында «Педагогтің кәсіби құзыреттілігін бағалау: сапалы портфолио қалыптастыру алгоритмі» тақырыбында Үржар, Мақаншы, Жаңасемей, Жарма, Бородулиха, Абай аудандары мен Курчатов қаласының педагогтеріне арналған онлайн семинар өткізілді (негіздеме: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» бұйрығы. Ескерту: қағидалар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 25.02.2025 жылғы №32 бұйрығына сәйкес жаңа редакцияда берілген).

📝Іс-шараға «Педагог-зерттеуші» санатына өтініш беруші педагогтер мен аттестаттауға жауапты мектеп басшыларының орынбасарлары қатысты.

Семинар барысында «Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту» бөлімінің басшысы Н. Бейсембаева қатысушыларға egov.kz порталы арқылы өтініш беруден бастап, портфолио материалдарын жүйелеуге дейінгі нақты алгоритмді таныстырды. Сонымен қатар, нормативтік құжаттарды рәсімдеуге қатысты нақты ұсынымдар мен жеке әдістемелік түсіндірмелер берілді.

Бөлім әдіскерлері де негізгі бағыттар бойынша баяндамалар жасады.

📚Ж. Рахимбаева педагогтердің біліктілікті арттыру курстарына қойылатын талаптарға тоқталып, уәкілетті органмен келісілген бағдарламалар бойынша сертификаттардың болуы қажеттігін атап өтті.

Д. Отынбаева педагогтердің авторлық бағдарламаларын облыстық әдістемелік кеңесте қарау және бекіту, сондай-ақ оларды кемінде үш ауданда тарату жоспарын таныстырды.

Семинар соңында педагогтер аттестаттау талаптарына қатысты өзекті сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан толыққанды жауаптар алды. Аталған іс-шара Абай облысы педагогтерінің аттестаттаудан сәтті өтуіне және кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған маңызды әдістемелік қолдау кезеңі болды.




Галерея







Видеогалереясы