Меню KDT

Басты бет

poster

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы цифрлық қоғам жағдайында кітапхана қызметін трансформациялау, кітапханашының кәсіби рөлін айқындау және білім алушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруда цифрлық кітапханалардың мүмкіндіктерін жүйелеу мақсатында 2026 жылғы 3 сәуір күні Алматы қаласында «Цифрлық трансформация және әлеуметтік серіктестіктің жаңа формалары: кітапханалардың әдістемелік қызметін жаңғырту» тақырыбында ІІ республикалық форум өткізді.

📚Ауқымды шараға Абай облысы бойынша кітапхана жұмысын үйлестіруші аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері қатысып, өзара тәжірибе алмасып, заманауи бағыттағы өзекті мәселелерді талқылады.

🧬Іс-шара барысында Smartkitaphana, АИБИС, EDULIB сияқты кітапхана жұмысын оңтайландыруға бағытталған цифрлық сервистердің тиімділігі таныстырылып, қатысушыларға олардың тәжірибеде қолданылу жолдары ұсынылды.
Сонымен қатар, «Көкжиек-Горизонт» баспасының ұйымдастыруымен өткен «Әдіскер-life» сырттай байқауының жеңімпаздары салтанатты түрде марапатталды. Аталған байқау кітапхана ісінің жүйелілігін арттыруға, оқуға құштар ұлт қалыптастыруда кітапханашының қоғамдағы маңызын айқындауға және кітапхана жұмысында жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға бағытталды. Байқауға Семей қалалық білім бөлімінің кітапхана ісіне жауапты әдіскері Абдрахманова Сандуғаш Тұрсынтаевна қатысып, арнайы дипломмен марапатталды.

Жеңімпазды құттықтаймыз!👏👏👏

🏫Республикалық форум кітапханашылардың кәсіби имиджін көтеруге және кітапхана жұмысын жаңа деңгейге шығаруға бағытталған маңызды алаң болды.

Галерея

Видеогалереясы