Меню KDT

Басты бет

poster

⚡️2026 жылғы 19 наурыз күні Абай облысы білім басқармасының облыстық инновациялық-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің базасында үшінші рет техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы «Білім беру» саласы бойынша Республикалық кәсіби шеберлік конкурсының облыстық кезеңі өтті.

⚡️2026 жылғы 19 наурыз күні Абай облысы білім басқармасының облыстық инновациялық-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің базасында үшінші рет техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы «Білім беру» саласы бойынша Республикалық кәсіби шеберлік конкурсының облыстық кезеңі өтті.
🎯Конкурстың мақсаты – колледждердің талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтерін анықтау және қолдау, педагогтердің беделі мен имиджін арттыру және олардың озық тәжірибесін тарату.
Педагогикалық мамандықтар мен жалпы білім беретін пәндер оқытушысы мамандығының мәртебесін арттыру, қатысушылардың педагогикалық тәжірибесін ұсыну және дәріптеу мақсатындағы конкурсқа ТжКБ ұйымдарының «Жалпы білім беретін пәндер», «Педагогикалық мамандықтарының оқытушылары» бағыттары бойынша педагогтері қатысты.
Үш модульден тұратын конкурста қатысушылар теориялық және тәжірибелік дайындықты, кәсіби іскерліктері мен дағдыларын, оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық тәсілдерді қолдануды, жоғары еңбек мәдениетін көрсетті.
Конкурс нәтижесі бойынша жеңімпаздар Орталық дипломдарымен марапатталды.
«Педагогикалық мамандықтар» бағыты бойынша:
Алтын – «М. О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК арнайы пән оқытушысы Сентаева Асия Боранбаевна;
Күміс – «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ Шәкірім жоғары колледжінің педагогика және психология пәндері оқытушысы Бөкейханова Мадина Қанатқызы;
Қола – «Семей жоғары көп салалы колледж» мекемесі педагогика және психология пәндері оқытушысы Сеитбаева Айдана Бейбитовна.
📚«Жалпы білім беретін пәндер» бағыты бойынша:
Алтын – «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ Шәкәрім жоғары колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндері оқытушысы Тургалиева Сымбат Аянқызы;
Күміс – «М. О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК колледжінің биология пәні оқытушысы Алибекова Айгерим Абзалқызы;
Қола – «Семей жоғары көп салалы колледж» мекемесі ағылшын тілі пәні оқытушысы Жибраева Қымбат Биғалиқызы.
Жеңімпаздар Орталық дипломдарымен марапатталды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
Ал екі бағыттағы 1 орын иегерлері Республикалық кезеңге жолдама алды. Естеріңізге сала кетейік, республикалық конкурс биылғы жылы сәуірдің 16-17 күндері Алаштың киелі білім ордасы М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде өткізіледі.
Педагогтерге сәттілік пен жеңіс тілейміз!



Галерея







Видеогалереясы