Абай облысы білім басқармасының Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 2026 жылғы 27 ақпан күні «Қазақ тілінде еркін сөйлеу дағдыларын қалыптастыру жолдары» тақырыбында облыстық онлайн-семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты – облыс бойынша қазақ тілінде оқытатын мектепке дейінгі ұйымдардың меңгерушілері мен тәрбиешілерінің еркін сөйлеу дағдыларын дамытуға қолдау көрсету, кәсіби сөйлеу мәдениетін жетілдіру және тәжірибе алмасуға жағдай жасау.
Семинарға облыстың аудандары мен қалаларынан балабақша меңгерушілері, тәрбиешілер, әдіскерлер белсене қатысты.
Қатысушылар саны 98 адам.
Семинар барысында Семей қаласының «№ 32 ЖОББМ» КММ мен Семей қаласы білім бөлімінің «Экономикалық лицейі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері – Әділханова Т. А және Сулейменова Г. С қатысушылар назарына қазақ тілінде таза сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдер мен нақты жұмыс үлгілерін ұсынды.
Семинар соңында қатысушылар өз ой-пікірлерін ортаға салып, тәжірибе алмасудың маңыздылығын ерекше атап өтті.