⚡️2026 жылғы 26 ақпанда Абай облысы білім басқармасының облыстық инновациялық-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Семей қаласы білім бөлімінің № 31 жалпы орта білім беретін мектебі базасында «Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту: тиімді әдістер мен креативті шешімдер» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған облыстық семинар өтті.

Семинардың негізгі мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған тиімді педагогикалық әдістер мен креативті шешімдерді зерделеу, тиімді педагогикалық әдіс-тәсілдермен тәжірибе алмасу және шығармашылық шешімдерді насихаттау болды.
Іс-шараға облыстың білім беру ұйымдарынан бастауыш сынып мұғалімдері, әдіскерлер мен білім саласының мамандары қатысты. Семинар аясында ашық сабақтар, шеберлік сыныптары ұйымдастырылып, қатысушылар тәжірибелік жұмыстар арқылы өзара пікір алмасты. Мұғалімдер оқушылардың оқу сауаттылығы бағытындағы функционалдық дағдыларын дамытуға арналған инновациялық әдістерді талқылады.
Семинар барысында цифрлық білім беру ресурстарын тиімді пайдалану, критериалды бағалау жүйесінің мүмкіндіктері, оқушылардың сыни ойлау қабілетін жетілдіру жолдары кеңінен қамтылды. Сонымен қатар, топтық жұмыстар мен практикалық тапсырмалар арқылы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға басымдық берілді.
Қатысушылар семинардың мазмұндық тұрғыда бай әрі тәжірибеге бағытталғанын атап өтіп, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді. Осындай кәсіби алаңдар мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасуына, білім сапасын арттыруға және бастауыш білім беру жүйесін жетілдіруге ықпал ететіні сөзсіз.