Меню KDT

Басты бет

poster

Семей қаласында «Best in Profession» кәсіби байқауы өтті

Семей қаласында «Best in Profession» кәсіби байқауы өтті

2026 жылғы 25-26 ақпан күндері Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығының (бұдан әрі-Орталық) ұйымдастыруымен Семей қаласындағы ІТ және жаңа технологиялар жоғары колледжінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасында «Best in Profession» кәсіби байқауы өтті. Байқау Орталық директорының орынбасары Альфия Рафаильивна Нигматуллинаның алғы сөзімен басталды.

Шараның мақсаты -ІТ саласындағы үздік педагогтерді анықтау, талантты, дарынды және шығармашыл мамандарды қолдау, кәсіби шеберлікті арттыру, заманауи құзыреттіліктерді дамыту және инновациялық тәжірибелерді насихаттау.

Байқау педагогтердің кәсіби әлеуетін көрсетуге, озық тәжірибелермен алмасуға және білім беру үдерісіне жаңа тәсілдерді енгізуге мүмкіндік берді. Қатысушылар өздерінің әдістемелік дайындығын, практикалық дағдыларын және ІТ бағытындағы заманауи шешімдерді қолдану қабілеттерін таныстырды.

«Компьютерлік ойындарда 3D модельдеу» құзіреттілігі бойынша:

І орын - Чередниченко Максуди Васильевич (ІТ және жаңа технологиялар жоғары колледжі)

ІІ орын - Турлыханов Рахат Серикулы («Innovative college»)

ІІІ орын - Мұханов Асхат Қуандықұлы - («Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі»)

✨ «WEB технологиялар» құзіреттілігі бойынша:

І орын - Медхатов Ілияс Дәуренұлы - («Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі»)

ІІ орын - Султанбеков Айбек Егеубаевич - (ІТ және жаңа технологиялар жоғары колледжі)

ІІІ орын - Шаймерденов Нариман Бауржанович - («Innovative college»)

☁ «Бұлтты бағдарламалау» құзіреттілігі бойынша:

І орын - Шаймарданов Қуаныш Нұрланұлы - («Қайнар» жоғары колледжі)

ІІ орын - Альханова Асемгуль Тлектесовна - (ІТ және жаңа технологиялар жоғары колледжі)

ІІІ орын - Оралбаев Ардак Токтарулы - (Шәкәрім жоғары колледжі)

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! «Best in Profession» - тәжірибе, шеберлік және инновациялар алаңы!



Галерея







Видеогалереясы