Меню KDT

Басты бет

poster

2026 жылғы 25 ақпанда Абай облысы білім басқармасының Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы Абай облысының қорғаныс істері департаментімен бірлесе «Әскерге шақыру жасына дейінгі және шақыру жасындағы азаматтардың бастапқы әскери даярлығын тиімді ұйымдастыру әдістемелері мен талаптарын түсіндіру, әскери қызметке дайындық деңгейін арттыру» тақырыбында облыстық семинар өткізді.

Мақсаты: Білім алушылардың әскери даярлығын тиімді ұйымдастыру, дайындық деңгейін арттыру жолдарын қарастыру және педагогтердің әдістемелік шеберлігін дамыту.
Семинарда қалалық және аудандық білім беру ұйымдарының әдіскерлері мен АӘжТД пәні жетекшілері білім алушылардың әскери даярлығын тиімді ұйымдастыру мәселелерін талқылады. Облыстық қорғаныс істер департаменті мен Жергілікті әскери басқару органдары, сонымен қатар, Абай облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы мамандары мерзімді әскери қызмет талаптарын түсіндіріп, әскери жоғары оқу орындарына кандидаттарды іріктеу ерекшеліктеріне тоқталды. Мектептегі оқыту мен тәрбиенің тұтастығын сақтау мақсатында «Адал азамат» тұжырымдамасы мен оның маңыздылығы қарастырылды. Облыстық «Дарын» орталығының әскери-патриоттық бағытта дамыту бөлімінің басшысы мектептегі әскери-патриоттық клубтардың жұмысын талдаса, «Жас сарбаз» сыныптарының жетекшілері өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Жиын соңында қатысушылар өзара кері байланыс орнатып, алдағы жұмыс жоспарларына тоқталды.

Галерея

Видеогалереясы