«АДАЛ АЗАМАТ» БАҒДАРЛАМАСЫ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ЭКОЖҮЙЕСІ»
«АДАЛ АЗАМАТ» БАҒДАРЛАМАСЫ:
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ЭКОЖҮЙЕСІ»
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асырудың тиімді тетіктерін талқылау және халықаралық тәжірибені зерделеу мақсатында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының әлеуметтік жобаларын жүзеге асыру: халықаралық тәжірибе мен тәрбие экожүйесі» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.
Семинарға ШҚО педагогикалық шеберлік орталығының басшысы
Г. Б. Раисова қатысып, тәрбие экожүйесі – бұл мектеп, отбасы, қоғам, үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік құрылымдар арасындағы өзара ықпалдастыққа негізделген тұтас орта және мұндай жүйе баланың тұлғалық қалыптасуына кешенді әсері және құндылықтарға негізделген білім беруді қамтамасыз ететін тұстарын айшықтап айтып өтті. Облыстық инновациялық-әдістемелік орталықтың тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы
А. А. Абдухамитов бағдарлама меңзеген әлеуметтік жобалардың облыстық жобалармен үйлесуі және нәтижесіне тоқталды.
Облыстық директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қауымдастығының өкілі А.К. Сұлтанбекова қатысушыларға жапон елінің тәрбие саласындағы үздік үлгісі - сенім мен еркіндікке негізделген тәрбие моделі, оқушының жеке пікірін құрметтеу мен әлеуметтік теңдік қағидаттары, қоғам игілігі үшін қызмет ету құндылығы және тәртіп пен ұжымдық жауапкершілікке баулу тәжірибесін дәйекті мысалдармен баяндады. Практикалық бөлімде Семей қаласының № 27 мектебінің тәрбие жұмысын үйлестірудегі «Қамқор», «Шабыт», «Еңбегі адал жас өрен», «Smart bala», «Ұшқыр ой алаңы», «Балалар кітапханасы» әлеуметтік жобаларын жүзеге асырудың озық және нақты тетіктері ұсынылды.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар тәрбие үдерісінің экожүйесі білім беру ұйымының шеңберімен шектелмей, кең әлеуметтік ортада кешенді түрде жүзеге асқан жағдайда ғана жоғары нәтижеге қол жеткізілетінін атап өтті.