Меню KDT

Басты бет

poster

Akelius цифрлық тілдерді оқыту пилоттық жобасы бойынша кезекті жұмыс отырысы өтті.

Akelius цифрлық тілдерді оқыту пилоттық жобасы бойынша кезекті жұмыс отырысы өтті.

Абай облысында білім алушылардың сапалы тілдік білімге тең қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған Akelius цифрлық тілдерді оқыту пилоттық жобасы бойынша кезекті жұмыс отырысы өтті.
Отырысқа жобаға қатысатын Семей қаласының №10, №20, №50 мектептерінің 15 педагогі және үйлестіруші әдіскерлер қатысты
Кездесу барысында:
• Жоба аясында атқарылған жұмыстардың қорытынды есебі тыңдалды;
• Техникалық қамтамасыз ету және платформамен жұмыс барысы талқыланды;
• Әр мектептен бір педагог өткізген сабағын презентация арқылы таныстырды;
• Сабақтарға талдау жасалып, тиімді тәжірибелер бойынша кері байланыс берілді;
• Наурыз айына арналған жоспарлар мен ұсыныстар нақтыланды.
Жоба - заманауи цифрлық білім беру ресурстары арқылы тілдік дағдыларды дамытуға және білім сапасын арттыруға бағытталған маңызды бастама.



Галерея







Видеогалереясы