Меню KDT

Басты бет

poster

✨Akelius жобасы бойынша бастапқы тестілеу

✨Akelius жобасы бойынша бастапқы тестілеу

Akelius жобасын жүзеге асыру аясында Семей қаласының №10, №20 және №50 мектептерінің 6-сынып оқушылары орыс және ағылшын тілдерінен «бастапқы» білімді бекіту кезеңінен өтті.

Тест нәтижелері оқу жылы соңында салыстыру үшін негіз болады және планшеттер мен цифрлық қосымшамен жұмыс тиімділігін объективті бағалауға мүмкіндік береді.

Тестілеу екі топта жүргізілді:
🔹 Эксперименталды топ — планшеттер мен Akelius платформасын пайдаланып оқу
🔹 Бақылау тобы — планшетсіз дәстүрлі әдіспен оқу

Бұл кезең жаңа цифрлық оқыту әдістемесінің тиімділігін дәлелді түрде бағалауға арналған маңызды қадам болып табылады.



Галерея







Видеогалереясы