«Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен отандық білім саласына сүбелі үлес қосып келе жатқан «Qundylyq.kz» және «Ustaz.pro» мұғалімдердің кәсіби біліктіліктерін арттыру орталықтары USTAZ HUB – Абай облысы педагогтеріне арналған тегін шеберлік сабақтарын ұйымдастырды
ҚР президенті Қасым - Жомарт Тоқаев: «Еліміздің жастары өзін жеке тұлға ретінде дамытумен қатар мемлекеттің озық инновацияларға сай өркендеуіне зор үлес қосуы қажет. Бұл – қазіргі білім және тәрбие беру үдерісінің алдында тұрған маңызды міндет. Отандық білім саласы туған жеріңе, қоршаған ортаңа, өз тарихыңа құрметпен қарауға тәрбиелеп, ұлттық құндылықтарды дәріптеуі тиіс» деген еді ел жастарымен кездесуінде. Осы орайда «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен отандық білім саласына сүбелі үлес қосып келе жатқан «Qundylyq.kz» және «Ustaz.pro» мұғалімдердің кәсіби біліктіліктерін арттыру орталықтары USTAZ HUB – Абай облысы педагогтеріне арналған тегін шеберлік сабақтарын ұйымдастырды.
Іс-шара мақсаты: Педагогтердің өзара іс-тәжірибе алмасуына жағдай жасау, оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдері мен заманауи технологияларын меңгерту және білім беру саласындағы өзекті мәселелерді шешу жолдарын бірлесе талқылау.
Іс - шара модераторы: «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагогикалық кадрлардың кәсіби құзыреттілігін дамыту бөлімінің басшысы Бейсембаева Нургуль Бейсеновна
Іс - шара спикерлері:
Кадырова Жанель – “Qundylyq.kz” орталығының педагогикалық контент менеджері және кәсіби бағдар беру бөлімінің жетекшісі, тренер, Еуразия Ұлттық университетінің магистрі
Серікова Әйгерім – Әбіш Кекілбаев атындағы BINOM school информатика пәні мұғалімі
Арсен Ерсін – “Qundylyq.kz” орталығының стратегиялық даму жөніндегі бас менеджері, тренер, Еуразия Ұлттық университетінің магистрі
Жолдас Ілияс – Семей “Білім-инновация” лицейінің математика пәні мұғалімі, Шәкәрім университетінің магистрі, педагог-модератор. Республикалық және халықаралық олимпиадалар мен конкурстардың жүлдегерлерін дайындаушы.
Тохтарханов Нұралы – Семей “Білім-инновация” лицейінің физика пәні мұғалімі, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің магистрі
Аманова Алтын - «Ustaz PRO» білім беру орталығында ұстаз-тренер, бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған курстардың авторы, Қазақстан Республикасы Педагогтар қауымдастығының шешімімен білім саласына қосқан елеулі үлесі үшін «Үздік педагог» төсбелгісі марапатының иесі.
Іс-шара форматы: Шеберлік сабақтар, регламент бойынша баяндамалар, өзара пікір алмасу.