2026 жылғы 20 ақпан күні Семей қаласының «Бизнес және сервис жоғары колледжі» КМҚК базасында облыстық инновациялық-әдістемелік орталығының (Орталық) ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушыларына арналған «Химия биология және география пәндерінің үздік оқытушысы - 2026» облыстық байқауы өтті.

Байқаудың басты мақсаты – оқытушылардың кәсіби шеберлігін арттыру, білім беру процесінде жаңа технологияларды тиімді қолдануды насихаттау.
Байқауға қатысқан оқытушылар білім беру саласындағы инновациялық жобаларын ұсынды. Қатысушылар заманауи оқыту әдістерін қолдану тәжірибесін көрсетіп, білім мазмұнын жаңарту мен шығармашылық идеяларын қорғады.
Іс-шараның ашылуында Орталықтың әдіскері Нурашева Эльмира Нұрашқызы құттықтау сөз сөйлеп, мұндай сайыстардың оқытушылардың білім сапасын арттыруға, жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру құзыреттіліктерін дамытуға, кәсіби қарым-қатынасты кеңейтуге, біліктілікті жетілдіруге, сондай-ақ шығармашыл әрі талантты оқытушыларды анықтауға және тәжірибе алмасуға бағытталғанын атап өтті.
Конкурс үш кезеңде өткізілді:
I кезең – Дәлелді ізденіс сайысы - эссе;
II кезең – Оқытушының таныстырылымы (визиткасы);
III кезең – Инновациялық педагогикалық қызметтің көрсетілімі;
Байқау соңында рефлексиялық тренинг өткізіліп, қатысушылар өз ойларымен бөлісті. Қазылар алқасының шешімі бойынша үздік нәтиже көрсеткен төмендегі оқытушылар жүлделі орындарды бөлісті:
1 орын иегері - Алибекова Айгерим Абзалқызы, «М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК биология пәні окытушысы;
2 орын - Әлиханова Жансая Серікқызы, «Семей» жоғары медициналық колледжі» мекемесінің химия және биология пәндері оқытушысы;
3 орын - Слямова Асемгуль Тулюгеновна, «Көлік колледжі» КМҚК химия және биология пәндері окытушысы.
Байқаудың қалған қатысушыларына Орталықтың грамоталары табысталды. Әріптестерімізді құттықтаймыз!