Меню KDT

Басты бет

poster

БАЛАЛАРҒА ШАТТЫҚ СЫЙЛАҒАН «АЙГӨЛЕК» ЖУРНАЛЫНА 25 ЖЫЛ

БАЛАЛАРҒА ШАТТЫҚ СЫЙЛАҒАН «АЙГӨЛЕК» ЖУРНАЛЫНА 25 ЖЫЛ

2026 жылғы 21 ақпанда Астана қаласында балалардың сүйікті басылымы – «Айгөлек» журналының 25 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті.
Бұл айтулы мереке – жас таланттарды қолдап, олардың шығармашылығына жол ашқан ұстаздар мен ата-аналардың еңбегін дәріптеуге арналған рухани кеш болды. Мерейтой аясында шығармашылық қабілетімен танылып жүрген оқушылар мен ұстаздар арнайы марапаттарға ие болды.
Соның ішінде, Абай облысының жас қаламгерлері, Жарма ауданы,
Т. Көбдіков атындағы орта мектебінің 3-сынып оқушысы Әлихан Сезім және Ақсуат ауданы, Қ. Сәтбаев атындағы Жәнтікей орта мектебінің 8-сынып оқушысы Жамағатов Қанағат шығармашылық жетістіктері үшін ҚР Оқу-ағарту министрлігінің алғыс хатымен марапатталды.
Сонымен қатар, жас ұрпақты тәрбиелеуге өлшеусіз үлес қосқан Ақсуат ауданының зейнеткер педагогі Темиржанова Алма Жамагатовна ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Еңбек ардагері» төсбелгісіне ие болды.
Қаламы қарымды жас таланттарға шабыт, ұстаздарға қажымас қайрат, ата-аналарға қуаныш тілейміз!



Галерея







Видеогалереясы