⚡Абай облысы білім басқармасының «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ жоспарына сәйкес, 2026 жылғы 13 ақпанда Абай облысының мектепке дейінгі, мектепалды және бастауыш білім беру педагогтеріне арналған «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидаларымен таныстыру» облыстық онлайн-вебинары өткізілді
⚡Абай облысы білім басқармасының «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ жоспарына сәйкес, 2026 жылғы 13 ақпанда
Абай облысының мектепке дейінгі, мектепалды және бастауыш білім беру педагогтеріне арналған «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидаларымен таныстыру» облыстық онлайн-вебинары өткізілді.
🎯Вебинардың мақсаты – педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидаларымен таныстыру, аттестаттау үдерісінің кезеңдері мен талаптарын түсіндіру, біліктілік санаттарын беру (растау) тәртібі жөнінде ақпарат беру, сондай-ақ құжаттарды рәсімдеу, портфолио дайындау және бағалау критерийлері бойынша әдістемелік қолдау көрсету.
◼Вебинар барысында аттестаттаудың нормативтік-құқықтық негіздері, педагогтердің құқықтары мен міндеттері, өтініш беру тәртібі және қажетті құжаттар тізбесі жан-жақты түсіндірілді. Спикер аттестаттау кезеңдерінің ерекшеліктеріне тоқталып, педагогтің кәсіби жетістіктерін бағалау өлшемшарттарын нақты мысалдар арқылы көрсетті.
◼Сонымен қатар, педагог портфолиосын сапалы қалыптастыру жолдары, оқу жетістіктерін растайтын материалдарды жүйелеу, білім алушылардың нәтижелерін талдау және кәсіби даму көрсеткіштерін айқындау мәселелері қарастырылды. Қатысушыларға аттестаттау барысында жиі кездесетін қателіктер мен оларды болдырмау жолдары бойынша практикалық ұсыныстар берілді.
◼Вебинарда педагогтер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Талқылау барысында аттестаттау рәсімінің ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз ету, педагог мәртебесін арттыру және кәсіби өсуге ынталандыру бағытындағы маңызды аспектілерге назар аударылды.
◼Іс-шара қорытындысында қатысушыларға әдістемелік ұсынымдар беріліп, алдағы аттестаттау кезеңіне дайындық бойынша нақты бағыт-бағдар ұсынылды. Онлайн-вебинар педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге және аттестаттау үдерісіне сапалы дайындалуына мүмкіндік берді.