Меню KDT

Басты бет

poster

Республикалық тәжірибе алмасу семинары өтті

Абай облысы Инновациялық-әдістемелік орталығының ұсынысымен семинарға төмендегі педагогтер қатысты:

Мукушева Гульнар Мухтаровна – «Экономикалық лицейі» КММ, директор
Ахметжанова Лаззат Қазезханқызы – «Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернаты» КММ, бастауыш сынып мұғалімі
Нуртаева Айым Аяновна – Семей қаласы «№17 ЖОББМ» КММ, ағылшын тілі мұғалімі
Мухамеджанова Эльмира Хасеновна – Семей қаласы «№17 ЖОББМ» КММ, ағылшын тілі мұғалімі

Семинар барысында қатысушылар өздерінің практикалық тәжірибелерін ұсынып, оқу-тәрбие жұмысына жаңа тәсілдерді енгізу бойынша әдістемелік ұсыныстармен бөлісті.
Қатысушылар «Адал азамат» бағдарламасының мазмұнын пәндік сабақтармен ықпалдастыру, оқушылардың құндылықтық бағытын қалыптастыру және адалдық мәдениетін дамытуға бағытталған тиімді жолдарды көрсетті.

Іс-шара педагогтер үшін кәсіби пікір алмасатын орта қалыптастырып, әріптестік байланыстарды нығайтуға ықпал етті.
Семинар жұмысы ұстаздардың жаңа біліммен қаруланып, оны оқу процесіне енгізуіне зор мүмкіндік берді.

Барлық қатысушыларға белсенділігі, кәсібилігі және тәжірибе алмасуға қосқан үлестері үшін шынайы алғысымызды білдіреміз!
Алдағы уақытта да бірлескен жұмыстың нәтижелі боларына сенім білдіреміз.




Галерея







Видеогалереясы