
24–25 қарашада Абай облысының білім беру мекемелерінің меңгерушілері мен әдіскерлері үшін маңызды семинар өтті!
Семинардың мақсаты:
Қатысушыларды медиа және ақпараттық сауаттылықтың (МАС) негіздерімен таныстыру, оны орта білім беру мазмұнына енгізу бағыттарын қарастыру және практикалық дағдылар қалыптастыру.
Қатысушылар меңгерген негізгі нәтижелер:
Қазақстандағы МАС-тың қазіргі жағдайы туралы түсінік қалыптастырды;
МАС бойынша теориялық және практикалық дағдыларын дамытты;
МАС-ты енгізудегі қиындықтар мен мүмкіндіктерді талдады;
МАС-ты оқу пәндеріне тиімді интеграциялау жолдарын қарастырды.
Семинар спикерлері:
Татьяна Голубцова — журналист, медиатренер, медиа бағытындағы тәжірибелі сарапшы.
Мейрамхан Жәпек (онлайн) — журналист, медиатренер, ҚР журналистер одағының мүшесі.
Семинар бағдарламасы екі күнге созылды:
МАС-тың рөлі мен теориялық негіздері;
ҚР білім беру жүйесіне МАС-ты енгізудің сын-қатерлері мен мүмкіндіктері;
МАС бойынша әдістемелік нұсқаулықпен танысу;
Практикумдар, топтық жұмыс және тәжірибелік талдау.
Бұл семинар Абай облысы педагогтерінің медиа және ақпараттық сауаттылықты білім беру мазмұнына енгізу бойынша кәсіби әлеуетін арттыруға маңызды үлес қосты.


