Меню KDT

Басты бет

poster

26 қараша күні Абай облысы білім басқармасының «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ жоспарына сәйкес М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж базасында жас мамандарға арналған «Адал азамат – кәсіби маман» облыстық семинар-практикумы өтті. Іс-шараға облыс колледждерінің жалпы білім беретін пәндер бағытындағы жас оқытушылар қатысты.

Қатысушыларға құттықтау сөзді орталық әдіскері Нурашева Эльмира Нұрашқызы,
ал жас педагогтер қауымдастығының жетекшісі Абдыльдинова Айман Жұмашевна шабыт пен кәсіби табыс тіледі.

Семинар төрт бағыттағы шеберлік алаңдарында өтті:

«Интерактивті шеберлік-дәріс»
Тарих және қоғамдық пәндер оқытушылары гуманитарлық білімдегі цифрлық трансформация, нейрожелілерді қолдану және ұлттық құндылықтарды дамыту тәжірибесімен бөлісті.

«Ой зертханасы»
Биология және химия оқытушылары экологиялық мәдениет, ұлттық дүниетаным және STEAM интеграциясы негізіндегі зерттеушілік әдістерді ұсынды.

«EDUTALK»
Қазақ тілі және ағылшын тілі пәндерінің оқытушылары мәтінмен жұмыс, коммуникативтік дағды және цифрлық платформаларды қолдану бойынша заманауи тәсілдер көрсетті.

«Тәлімгер кеңесі» коучинг-сессиясы
Педагогика және арнайы пәндер мамандары «Адал азамат» құндылықтарын дамытуға бағытталған түзетуші, интерактивті, AR/VR әдістерімен таныстырды.

Қорытындыда «Ашық микрофон» арқылы қатысушылар семинардың мазмұндылығы мен кәсіби маңызын жоғары бағалады. Тәлімгер-ұстаздарға орталықтың сертификаттары табысталды.

Бұл семинар жас мамандар арасындағы кәсіби байланыс пен әдістемелік әріптестікті нығайтып, жаңа бастамаларға жол ашты!




Галерея







Видеогалереясы