Меню KDT

Басты бет

poster

24–25 қарашада Абай облысының білім беру мекемелерінің меңгерушілері мен әдіскерлері үшін маңызды семинар өтті!

Семинардың мақсаты:
Қатысушыларды медиа және ақпараттық сауаттылықтың (МАС) негіздерімен таныстыру, оны орта білім беру мазмұнына енгізу бағыттарын қарастыру және практикалық дағдылар қалыптастыру.

Қатысушылар меңгерген негізгі нәтижелер:

Қазақстандағы МАС-тың қазіргі жағдайы туралы түсінік қалыптастырды;

МАС бойынша теориялық және практикалық дағдыларын дамытты;

МАС-ты енгізудегі қиындықтар мен мүмкіндіктерді талдады;

МАС-ты оқу пәндеріне тиімді интеграциялау жолдарын қарастырды.

Семинар спикерлері:
* Татьяна Голубцова — журналист, медиатренер, медиа бағытындағы тәжірибелі сарапшы.
* Мейрамхан Жәпек (онлайн) — журналист, медиатренер, ҚР журналистер одағының мүшесі.

Семинар бағдарламасы екі күнге созылды:

МАС-тың рөлі мен теориялық негіздері;

ҚР білім беру жүйесіне МАС-ты енгізудің сын-қатерлері мен мүмкіндіктері;

МАС бойынша әдістемелік нұсқаулықпен танысу;

Практикумдар, топтық жұмыс және тәжірибелік талдау.

Бұл семинар Абай облысы педагогтерінің медиа және ақпараттық сауаттылықты білім беру мазмұнына енгізу бойынша кәсіби әлеуетін арттыруға маңызды үлес қосты.



Галерея







Видеогалереясы