
Абай облысында 2025 жылдың 24 қараша мен 05 желтоқсан аралығында «Мектептерге арналған PISA» халықаралық салыстырмалы зерттеуі жүргізіледі. Зерттеуге 29 білім беру мекемесі іріктелініп алынды.
«Мектептерге арналған PISA» когнитивтік тест арқылы үш бағыт бойынша сауаттылық деңгейін бағалайды: оқу сауаттылығы, математикалық және жаратылыстану сауаттылығы. Сондай-ақ сауалнама жүргізу арқылы контекстік деректерді жинайды.


