Меню KDT

Басты бет

poster

«Ағылшын тілін оқыту арқылы сыни ойлау дағдыларын дамыту» тақырыбында облыстық вебинар өтті

Вебинарды №6 гимназияның ағылшын тілі мұғалімдері Арстамбаева Алмагуль Максутовна, Сергачева Ольга Геннадьевна, Габитова Арай Дюсеновна, Амерханова Тахмина Асылбековна, Искакова Динара Мухтаровна дайындап, жүргізді.

Вебинардың мақсаты:
Ағылшын тілін оқыту барысында сыни ойлауды дамыту әдістерін тиімді интеграциялау, заманауи әдістемелік тәсілдер мен интерактивті тапсырмаларды қолдануды көрсету.

Шара барысында мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөлісіп, тиімді оқыту стратегияларын талқылады. Талдау, салыстыру, дәлелдеу, шығармашылық тапсырмалар сияқты тәсілдер оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамытуға, сондай-ақ тілдік құзыреттілігін арттыруға ықпал ететіні көрсетілді.

Вебинар ынтымақтастық атмосферасында өтіп, қатысушылар жаңа идеялар мен өз жұмыстарына пайдалы практикалық ұсыныстар алды.




Галерея







Видеогалереясы