
«Балалар кітапханасы» жобасы аясындағы кездесу
Кездесу барысында облыстық білім басқармасы және ішкі саясат басқармасының өкілдері қатысып, пікірлер ортаға салынып, шараның жас ұрпақ тәрбиесіндегі маңызын ерекше атап өтілді. Жылы әрі еркін форматта өткен басқосуда балалардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру жолдары, ұлттық және рухани құндылықтарды дәріптеу, ақпараттық ортаның жасөспірімдер санасына әсері сияқты маңызды мәселелер талқыланды.
Сонымен қатар, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылып жатқан «Балалар кітапханасы» жобасын педагогтер арасында жандандырып, одан әрі дамыту ұсынылды.
Кездесу соңында ұстаздар өз тәжірибелерімен бөлісіп, қазіргі бала тәрбиесіндегі кітаптың рөлі, тәрбие әдістерін жаңғырту және ақпараттық қауіпсіздік бағыттары бойынша ой алмасты. Сондай-ақ әңгіме барысында педагогтер арасында бастау алып жатқан «10 кітап – бір мақсат» жобасы да осындай бірлескен жұмыс нәтижесі деңгейін арттыратыны байқалды.
Осындай мазмұнды кездесулер білім саласындағы ынтымақтастықты күшейтіп қана қоймай, өскелең ұрпақты тәрбиелеу ісіне тың серпін беретіні сөзсіз.


