
«Ұрпақ жүрегіне жол» жобасы таныстырылды
Жоба қоғамдық, құқықтық және мемлекеттік ұйымдардың өзара серіктестігі арқылы ата-аналар мен баланың жүрегіне жол табуға бағытталған.
Іс-шараға Абай облысы ардагерлер кеңесінің жастар мен жасөспірімдерді патриоттық және рухани-адамгершілікке тәрбиелеу комиссиясының төрағасы, ҚР халқы Ассамблеясы Абай облысы филиалының Аналар кеңесі, облыстық ата-аналар қоғамдастығы, облыстық психологиялық қолдау орталығы, әдістемелік орталық пен білім басқармасының жанындағы Әкелер кеңесі, сондай-ақ аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, мектеп педагогтері және ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты.
Таныстырылым барысында тәрбие үдерісінде қоғамдық, құқықтық және мемлекеттік ұйымдардың әлеуметтік серіктестермен өзара іс-қимылын үйлестіру, тәжірибеге бағытталған заманауи тәсілдер мен әдістерді қолдану, ата-аналардың психологиялық-педагогикалық құзыретін арттыру, отбасылық және ұлттық құндылықтарды құрметтеу, балалардың рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту жайлы өзекті пікірлер айтылды.
Жоба аясында әлеуметтік серіктестіктердің тәрбиелік үдерістегі рөлін арттыру, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және тиімді тәжірибелерді тарату бағытындағы міндеттер талқыланды.


