Меню KDT

Басты бет

poster

Педагогтерге арналған «Жасанды интеллект – мұғалімнің көмекшісі ретінде» атты ақпараттық кездесу өтті

Іс-шара Семей қаржы-экономикалық колледжінің конференц-залында өткізілді, оған облыстық және қалалық білім беру ұйымдарының басшылары, әдістемелік орталық мамандары, педагогтер және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Кездесудің басты мақсаты – мұғалімдерге арналған тегін онлайн курсты таныстыру, жасанды интеллект құралдарын білім беру үдерісінде тиімді қолдану жолдарын көрсету және педагогтердің цифрлық сауаттылығын дамыту.

«Daryn Ustaz» орталығының өкілдері курс мазмұны мен артықшылықтарын таныстырып, оның практикалық маңыздылығына тоқталды. Аталған курсқа қатысушылар:

  • сабақ жоспарларын, тестілер мен талдауларды, БЖБ/ТЖБ құжаттарын жасанды интеллект көмегімен автоматтандыруды үйренеді;

  • икемді оқу уақытының арқасында жұмыспен қатар білім алуға мүмкіндік алады;

  • үздік жобаларын ұсынып, Астанада өтетін ПедХакатонға жолдама алу мүмкіндігіне ие болады;

  • Хакатон жеңімпаздарының арасынан іріктелген 20 педагог Оңтүстік Кореяда тағылымдамадан өтеді.

Курс нәтижесінде қатысушыларға 80 академиялық сағаттық ресми сертификат беріледі. Бұл сертификат аттестация кезінде жарамды және «ҰСТАЗ» — Педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасына енгізіледі.

Облыстық білім басқармасы мен әдістемелік орталықтар педагогтердің кәсіби өсуін, цифрлық сауаттылығын және инновациялық технологияларды меңгеруін қолдауды одан әрі жалғастырады.




Галерея







Видеогалереясы