
«Шексіз мүмкіндіктер» Хакатоны аясында инклюзивті білім беру бойынша өңіраралық диалог алаңы өтті
Мақсаты – ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерге қолайлы оқу ортасын қалыптастыру, әлеуметтік серіктестік пен өңіраралық ынтымақтастықты дамыту арқылы сапалы инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіру.
Іс-шараға аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, информатика пәні мұғалімдері, арнайы пән оқытушылары, арнайы білім беру ұйымдарының директор орынбасарлары мен мектеп директорлары қатысты. Жалпы 100-ден астам педагог – оның ішінде 40 офлайн, 60 онлайн форматта қатысып, тәжірибе алмасты.
Форумға қатысушылар географиясы кең: Қырғызстан Республикасынан бастап, еліміздің түрлі өңірлерінен келген педагогтер мен мамандар өз тәжірибелерімен бөлісті.
Спикерлер қатарында:
Мырсабекова Айпери Азизовна – Қырғызстан №98 коммуникациялар және технологиялар кәсіби лицейінің өндірістік оқыту шебері
Кошумханова Асель Тасболатовна – Ақсу жоғары көпсалалы колледжі
Қазбаева Жанель Габиденовна, Рахман Светлана Геннадьевна – Өскемен технология және сервис колледжі
Ажмиева Зауре Болатовна, Қуат Нар – Алматы сервис және технологиялар колледжі
Баширова Гүлзира Қайырбергеновна, Мирбеков Бауыржан Сайдуәлиұлы – Павлодар облысы Ақпараттық технологиялар колледжі
Шынбулатова Зергүл Сүлименқызы – Батыс Қазақстан академиялық колледжі «АТиСО»
Олжабаева Баян Оразбековна – «URBAN COLLEGE», Астана қ.
Ауелейсена Райхан Закарияновна – Өскемен технология және сервис колледжі
Тұрсын Еркебұлан Серікқалиұлы – Абай облысы «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ директоры
Шеберлік сағат бөлімінде
Түсіпбаева Күлпан Мұхаметқалиевна мен Қайыржанова Еркежан Ержановна («IT және жаңа технологиялар жоғары колледжі») өздерінің практикалық тәжірибелерімен бөлісіп, ерекше білім алушылармен жұмыста қолданылатын әдіс-тәсілдерді көрсетті.
Спикерлер инклюзивті білім берудің үздік тәжірибелерін ұсынып, оның оқушыларға оң әсері мен педагогикалық үдерістегі маңызын атап өтті.
Шара соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, осындай кәсіби диалогтардың ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға сапалы білім беруді дамытудағы рөлін ерекше атап өтті. Алдағы уақытта мұндай тәжірибе алмасу кездесулерін жалғастыру туралы ұсыныстар айтылды.


