
Республикалық Педагогикалық Хакатон
Іс-шараның мақсаты – білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелерді талқылап, оларды шешуге бағытталған тиімді және нәтижелі әрекет модельдерін ұсыну, педагогтер қауымдастығы арасында тәжірибе алмасу болды.
Абай облысының атынан Жарма ауданы, Шар қаласының білім беру ұйымдарының басшыларынан құралған “ZharmaOne” командасы қатысып, өңір намысын лайықты дәрежеде қорғады.
Республика бойынша қатысқан 10 команда арасында “ZharmaOne” командасы “Инновациялық шешім” номинациясымен марапатталды.
Сонымен қатар, “Мектебім – мақтанышым” атты QUEST форматындағы ойында жоғары белсенділік танытып, ұжымдық бірлікті ерекше деңгейде көрсете білгені үшін І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Тамаша нәтиже! Команда мүшелерін шын жүректен құттықтаймыз! Жарқын жобалар мен жаңа жеңістер жалғасын таба берсін.


