
“Үздік автомеханик” облысаралық кәсіби шеберлік байқауы өтті
Байқауға Өскемен қаласы мен Абай облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты. Іс-шара “Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану” мамандығы бойынша кәсіби модульдер негізінде өтті.
Қатысушылар өздерінің кәсіби білімдері мен тәжірибелік дағдыларын жоғары деңгейде көрсетті. Барлық қатысушылар сарапшылар алқасының шешімі бойынша дипломдармен және сертификаттармен марапатталды.
Жеңімпаздар:
I орын – Голяндин Сергей, Бесқарағай колледжі
II орын – Аманбеков Шалқар, Политехникалық колледжі, Семей
III орын – Дюсенғали Дулат, Аягөз қаласының политехникалық колледжі
Құттықтаймыз! Жеңісті күндеріңіз көп болсын. Кәсібилік пен шеберлікке бастайтын осындай байқаулар алдағы уақытта да жалғасын табады.


