
Абай облысында жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарды дамытуға арналған облыстық семинар өтті
Мақсаты:
Жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін жетілдіру, олардың жұмыс жүйесін уәкілетті органмен бірлесіп реттеу және көрсетілетін қызмет сапасын арттыру. Сонымен қатар, «Асыл Ұрпақ Қауымдастығы» өзін-өзі реттейтін ұйымының қағидалары мен стандарттарын таныстыру, пилоттық жобаның маңыздылығын түсіндіру.
Іс-шараны ашқан:
«Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ мектепке дейінгі, мектепалды және бастауыш білім беру бөлімінің басшысы Жумагулова Айжан Жумабековна, облыстағы жекеменшік ұйымдардың жетістіктері мен өзекті мәселелеріне тоқталды.
Сөз алғандар:
Батырбекова Кулянда Уалихановна, «Асыл Ұрпақ Қауымдастығы» президенті – өзін-өзі реттейтін ұйымның миссиясы мен міндеттері, қаржылық сауаттылық бойынша түсіндірме жұмысын жүргізді;
Адамова Манара Елекеновна, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім беру департаментінің басшысы – білім сапасы, кадрлық қамтамасыз ету және инфрақұрылымды жетілдіру бағыттарын атап өтті;
Ерманова Мария Наятовна, «Балаларды ерте дамыту институты» РММ директоры – мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту бағыттарын түсіндірді;
Куптлеуова Бағым Аубакировна, департаменттің мазмұн басқармасының басшысы – «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңы мен нормативтік актілер жайлы толық ақпарат берді.
Семинарға облыс бойынша 50-ден астам жекеменшік балабақша құрылтайшылары, басшылары мен педагогтері қатысты.
Іс-шара соңында «Асыл Ұрпақ Қауымдастығы» өзін-өзі реттейтін ұйымының пилоттық жобасының негізгі қағидалары мен стандарттары таныстырылып, қатысушыларға тәжірибелік ұсынымдар берілді.


