
«125 HIGH SCHOOL» жекеменшік мектебіне әдістемелік көмек көрсетілді
Мақсат:
Оқушылардың азаматтық жауапкершілік пен патриотизмді, парасаттылық пен адалдықты, рухани-адамгершілік құндылықтарды бойына сіңіру арқылы үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру.
Кездесу барысында:
«Өнегелі 15 минут» форматы
күй әуенімен қоңырау соғу дәстүрі
ұлттық ойындарды сабақ пен үзіліс кезінде қолдану тәжірибесі
Сондай-ақ оқушылардың мектептен тыс өмірлік тәжірибесін байыту жолдары мен тәрбие жұмысын мемлекеттік органдар, құқық қорғау, денсаулық сақтау, ішкі саясат құрылымдарымен бірлесе жүргізудің тиімді әдістері қарастырылды.
Бағдарлама аясында ұсынылған 6 ірі жоба:
«Қамқор» – экология және волонтерлік бағытта
«Еңбегі адал – жас өрен» – еңбекке баулу және кәсіби бағдар
«Smart Bala» – IT және инновациялық ойлауды дамыту
«Шабыт» – өнер мен мәдениет арқылы рухани даму
«Ұшқыр ой алаңы» – пікірсайыс пен зияткерлік ойындар
«Балалар кітапханасы» – оқу сауаттылығы мен кітап мәдениетін арттыру
Сонымен қатар, буллинг пен киберқауіпсіздік бағытында:
«Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам»
«Буллингтен қорған!»
«Қауіпсіз қоғам» жобалары таныстырылып, балалар арасындағы қауіптің алдын алу мен ата-ана, мектеп, қоғам байланысын нығайту жолдары талқыланды.
Мектептің ішкі және сыртқы келбетіне арналған бірыңғай визуалды стандарт – брендбук үлгісі көрсетіліп, ұлттық құндылықтар мен мәдениетті бейнелейтін орта қалыптастыруға арналған әдістемелік нұсқаулықтар ұсынылды.
Бұл әдістемелік қолдау – мектеп ұжымының тәрбие жүйесін жаңғыртып, құндылыққа негізделген білім беру ортасын нығайтуға бағытталған маңызды қадам.


