Меню KDT

Басты бет

poster

«Цифрлы ұстаз» облыстық конкурсы өтті

Мақсаты:
Педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру, білім беру процесінде цифрлық технологияларды тиімді қолдануды насихаттау және заманауи IT-құралдар арқылы инновациялық тәжірибені тарату.

Конкурс үш бағыт бойынша өтті:

  1. Цифрлық білім беру ресурстары
    Электронды оқулықтар, бейнесабақтар, онлайн курстар мен интерактивті тапсырмалар.

  2. Сандық педагогикалық инновациялар
    AR/VR, геймификация, қашықтан оқыту платформалары, STEAM және робототехника элементтерін қолдану.

  3. Мобильді және веб-қосымшаларды қолдану
    Google Classroom, Moodle, Teams сияқты платформалар, мобильді қосымшалар және жеке веб-сайттар, блогтар.

Жеңімпаздар:

Цифрлық білім беру ресурстары бағыты бойынша:

  • I орын – Сентаева Асия Боранбаевна, М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі, информатика пәні оқытушысы

  • II орын – Куспанова Лаура Узакбаевна, М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі, химия пәні оқытушысы

  • III орын – Тусупқанов Бекжігіт Нұрланұлы, «Семей» жоғары медициналық колледжі, арнайы пәндер оқытушысы

Сандық педагогикалық инновациялар бағыты бойынша:

  • I орын – Каримова Алина Гильмановна, «Геологиялық барлау колледжі», ағылшын тілі пәні оқытушысы

  • II орын – Мусатаева Айгерим Кайратовна, «Геологиялық барлау колледжі», информатика пәні оқытушысы

  • III орын – Мусина Саулет Викторовна, «Семей» жоғары медициналық колледжі, география пәні оқытушысы

Мобильді және веб-қосымшаларды қолдану бағыты бойынша:

  • I орын – Амангелді Фариза Ғадлетқызы, «Геологиялық барлау колледжі», арнайы пәндер оқытушысы

  • II орын – Кунанбаева Дина Шалқаровна, «Семей» жоғары медициналық колледжі, арнайы пәндер оқытушысы

  • III орын – Тлеумбетова Гаухар Қызырхановна, «Электротехника колледжі», информатика пәні оқытушысы

Барлық жеңімпаздар «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ атынан I, II, III дәрежелі Дипломдармен, ал қатысушылар Сертификаттармен марапатталды.

Конкурс педагогтердің шығармашылық белсенділігін арттырып, жаңа идеяларға шабыт берді. Бұл бастама жыл сайын жалғасын табады.




Галерея







Видеогалереясы