
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРҒА БАРМАЙТЫН БАЛАЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫНА АРНАЛҒАН КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ПУНКТТЕРДІҢ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША ОНЛАЙН ВЕБИНАР
Вебинардың мақсаты:
Мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын балалардың ата-аналарына тәрбиелеу, оқыту және дамыту мәселелері бойынша педагогикалық қолдау көрсету және консультациялық пункттердің тиімді қызметін ұйымдастыру.
Модератор:
Мектепке дейінгі, мектепалды даярлық, бастауыш білім беру бөлімінің басшысы Жумагулова Айжан Жумабековна.
Вебинар барысында МДҰ-ға бармайтын балалардың ата-аналарына арналған консультациялық пункттердің жұмысын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар таныстырылды.
Семей қаласы білім бөлімінің «№4 “Балдәурен” бөбекжайы» КМҚК меңгерушісінің міндетін атқарушы Жвакина Асель Тлеукановна өз тәжірибесімен бөлісіп, «Ашық есік» консультациялық пунктінің тиімді жұмыс үлгісін таныстырды.
Іс-шараға аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері, мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары мен педагогтері қатысып, тәжірибе алмасты. Қатысушылар вебинар соңында кері байланыс орнатып, өз сұрақтарына толыққанды жауаптар алды.
Вебинар материалдары мен әдістемелік ұсынымдар барлық аудандық және қалалық білім бөлімдерінің жауапты әдіскерлеріне жолданды.


