
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
29 қазан күні Абай ауданы Қарауыл гимназия мектебінде Абай облысы білім басқармасының «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ ұйымдастырған
«Мектепке дайындық және бірінші сынып оқушыларының бейімделуі: балабақша мен бастауыш мектеп арасындағы сабақтастық» атты облыстық семинар өтті.
Семинардың мақсаты:
Бастауыш сынып оқушыларының мәтінді түсіну, талдау, өз ойын жүйелі жеткізу қабілеттерін арттыру арқылы оқу сауаттылығын дамыту және PIRLS зерттеуінің талаптарына сай оқу жетістіктерін қалыптастыру.
Семинар барысында тәжірибелі мұғалімдер өз іс-тәжірибелерімен бөлісті:
«PIRLS стандартына сәйкес бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын дамыту» (3-сынып) – Азаматова Әсем Мұқановна, «Ы. Алтынсарин атындағы №37 гимназия» КММ.
Оқу сауаттылығын дамытудағы тиімді тәсілдер (4-сынып) – Дүйсенбаева Айгүл Тілегеновна, «№35 ЖОББМ» КММ.
«Білімге қызығушылықты дамытудағы мектепалды және бастауыш буын сабақтастығы» – Қайратбекқызы Амангүл, «№44 ЖОББМ» КММ.
Түйін:
Балабақшадағы танымдық әрекеттерден бастап, бастауыш мектептегі күрделі мәтіндерді талдауға дейінгі сабақтастық – оқу сауаттылығын дамытудың берік негізі.
Семинар соңында өткен пікірталас пен сұрақ-жауап бөлімдері мұғалімдерге тәжірибе алмасуға және өз ойларын ортаға салуға мүмкіндік берді.
Бұл іс-шара – Қазақстандағы жас ұрпақтың оқу сауаттылығын халықаралық деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадамдардың бірі.


