
ЦИФРЛЫ МУЗЫКА ЖӘНЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ПӘНГЕ КІРІКТІРУ: ОБЛЫСТА 80-ГЕ ЖУЫҚ МУЗЫКА МҰҒАЛІМІ БІЛІКТІЛІКТЕРІН АРТТЫРДЫ
Курстар барысында педагогтер:
«Музыка» пәні оқу бағдарламасының мазмұны мен жүзеге асыру қағидаттарын талдап,
Музыка сабағында функционалдық сауаттылықты дамытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану тәсілдерін меңгерді.
Мұғалімдер кәсіби шеберліктерін жетілдірумен қатар:
музыкалық білім мен рухани-адамгершілік құндылықтардың өзара байланысын,
сабақтарда оқушылардың шығармашылық әлеуетін ашудың заманауи тәсілдерін,
жасанды интеллектті білім беру үдерісіне енгізу жолдарын үйренді.
Бұл курс музыка пәні мұғалімдерінің оқушыларға эстетикалық тәрбие берудегі кәсіби деңгейін арттырып, әр баланың музыкаға деген қызығушылығын, шығармашылық ойлауын және рухани байлығын дамытуға бағытталды.


