
«ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘРБІР БАЛА ҮШІН ҮЗДІК БАСТАМА» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
Конференцияның мақсаты:
Кіші жастағы балаларға күтім мен білім берудің тиімді стратегияларын енгізу үшін саясаткерлерді, тәжірибелі мамандарды, зерттеушілерді және мүдделі тараптарды біріктіру.
Негізгі бағыттар:
Балаларға күтім және олардың дамуындағы денсаулық сақтау жүйесінің рөлі
Мектепке дейінгі білім беру қызметтерінің тең қолжетімділігі
Ерте балалық шақ мәселелерінде білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және мәдениет секторларының өзара іс-қимылы
Конференция барысында еліміздегі ерте балалық шақты қолдауға бағытталған Ұлттық үндеу мен «Сәтті бастау» 2025–2027 жылдарға арналған ведомствоаралық кешенді жоспар қабылданды.
Абай облысынан аудандық құзыреттілік орталықтарының өкілдері —
Каирханова Рауфа Маликовна (Ақсуат ауданы білім бөлімінің «Асыл» балабақшасы КМҚК) және
Ромазанова Зульфия Кенжетаевна (Жарма ауданы білім бөлімінің «Балауса» балабақшасы КМҚК)
мектепке дейінгі ұйымдар меңгерушілері конференция жұмысына қатысуда.
Бұл бастама – еліміздегі әрбір баланың толыққанды дамуы мен бақытты балалық шағын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам.


