
«ЖАСЫЛ БАЛАБАҚША» — ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Осы мақсатта мектепке дейінгі ұйымдарда «Жасыл балабақша» жобасы іске асырылуда.
Жобаның негізгі мақсаты:
Бүлдіршіндердің табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру және экологиялық мәдениетті балалық шақтан қалыптастыру.
Жобаның негізгі бағыттары:
Су мен жарықты үнемді пайдалану
Салауатты өмір салтын насихаттау және дұрыс тамақтануға тәрбиелеу
Балабақша ауласында көкөніс, жеміс және гүл отырғызу, жылыжай ұйымдастыру
Табиғи құбылыстарды бақылауға арналған метеоалаң құру
Қалдықтарды сұрыптау және қайта қолдану арқылы «екінші өмір» сыйлау
Электр қуатын ұтымды пайдалану
Балалар табиғатты бақылау, өсімдіктерге күтім жасау, маусымдық өзгерістерді зерттеу арқылы экологиялық сана мен қамқорлық дағдыларын меңгереді.
Жаңартылған мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасында табиғатқа ұқыпты қарау және оны қорғау дағдыларын дамытуға ерекше назар аударылған.
Абай облысы бойынша:
Семей, Курчатов қалалары мен Абай, Аягөз, Ақсуат, Бородулиха, Жарма, Көкпекті, Үржар аудандарының 15 мектепке дейінгі ұйымынан 267 педагог және 2078 бала жобаға белсене қатысуда.
«Жасыл балабақша» – табиғатқа деген сүйіспеншілікті бала жүрегіне ұялатып, жас ұрпақты экологиялық мәдениетке тәрбиелеудің жарқын үлгісі.


