
Абай облысында «Мектептегі өзгерістерді басқару: кәсіби даму, қолдау жүйесі» облыстық көшпелі семинар-тағылымдама өтті
Шара барысында Бесқарағай ауданы білім бөлімінің «№1 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ директоры Еркинбаева Нұржанат Амангельдиевна және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Чегибаева Газиза Қайсиновна өз тәжірибелерімен бөлісіп, өзгерістер психологиясы, басқару стилі мен көшбасшылық модельдері, сондай-ақ педагогтердің кәсіби дамуын қолдау жүйелері тақырыптарын талқылады.
Қатысушылар мектептегі әдістемелік қызметті жүйелеудің маңыздылығын тәжірибелік жаттығулар арқылы талдап, «Өзгерістер картасы», «Келешек мектебінің моделін жасау» кейс-тапсырмаларын орындап, әрекет қадамдары мен даму жоспарын бірлесе әзірледі.
Семинар-тағылымдама білім беру ұйымдары арасында кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға және басшылардың басқарушылық құзыреттіліктерін арттыруға зор үлес қосты.


