Меню KDT

Басты бет

poster

Абай облысында білім беру ұйымдары басшылары мен орынбасарларына арналған облыстық тренинг өтті

Тренингтің мақсаты – білім беру ұйымдарында тиімді басқару жүйесін жетілдіру, көшбасшылық әлеуетті дамыту және стратегиялық ойлауды нығайту.

Шара барысында
«Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» бағдарламасының түлегі,
Бесқарағай ауданы білім бөлімінің «Беген орта мектебі» КММ директоры Байгожина Айнагүл Балғиновна
және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Батырханова Рысгүл Арыстанбековна
стратегиялық жоспарлау мен басқаруда шешім қабылдау модельдерін тәжірибелік жаттығулар арқылы көрсетті.

Қатысушылар төмендегі бағыттар бойынша тәжірибе алмасып, пікірталас жүргізді:
Стратегиялық жоспарлаудың кезеңдері
SWOT және PEST талдауларын жүргізу
SMART мақсат қою әдістемесі
Мектептің даму бағытын айқындау
Қиын жағдайда шешім қабылдау тәсілдері

Тренинг барысында интерактивті жаттығулар мен топтық талқылаулар өткізілді.
Қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, жаңа басқару тәсілдерін меңгерді.

Іс-шара білім беру ұйымдары басшылары мен орынбасарларының кәсіби дамуына серпін беріп, тиімді басқару мәдениетін қалыптастыруға үлкен үлес қосты.

Барлық қатысушыларға белсенділік пен ынтымақтастық үшін алғыс білдіреміз




Галерея







Видеогалереясы