Меню KDT

Басты бет

poster

ӘДІСТЕМЕЛІК ВЕБИНАР: «МЕКТЕПТЕРГЕ АРНАЛҒАН PISA 2024 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУІНІҢ НӘТИЖЕСІН ТАЛДАУ»

Вебинардың мақсаты:
Оқушылардың алған білімдерін өмірде қолдану қабілетін анықтау
Ойлау, талдау, шешім қабылдау дағдыларын бағалау
Елдердің білім сапасын салыстыру

Модератор:
Білім сапасын бағалау және мониторингілеу бөлімінің басшысы — Асель Айдынқалыевна Игентаева

Алғы сөзді «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ директорының уақытша міндетін атқарушы Гульфия Мажитовна Ахметова сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Вебинар барысында Асель Айдынқалыевна
PISA 2024 халықаралық зерттеуіне қатысқан білім беру ұйымдарының оқу, математикалық және жаратылыстану сауаттылығы бағытындағы нәтижелерін талдап, толық талдау жұмысын жүргізді.

Жоғары нәтиже көрсеткен білім беру ұйымдары:
Семей қаласы білім бөлімінің «Экономикалық лицейі» КММ – әлем елдерінің орташа көрсеткіштерінен жоғары нәтиже көрсетті
Семей қаласы білім бөлімінің «№9 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ – республикалық орташа көрсеткіштерден жоғары нәтиже көрсетті

Екі білім беру мекемесінің директорлары
Абай облысы білім басқармасының «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ директорының Алғыс хаттарымен марапатталды

Вебинар соңында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру және білімдегі олқылықтарды жою бойынша нақты ұсыныстар берілді

Іс-шараға аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, облыстық мектептердің директорлары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары қатысты

Қатысушылар вебинар барысында өз сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды
Вебинар материалдары танысу үшін барлық аудан, қала білім бөлімдерінің жауапты әдіскерлеріне жолданды

Білім сапасын арттыру – ортақ мақсат
Осындай кәсіби алаңдар педагогтердің тәжірибе алмасуына, білім сапасын жаңа деңгейге көтеруге жол ашады




Галерея







Видеогалереясы