Меню KDT

Басты бет

poster

Абай облысы білім басқармасы «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ және Семей қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2025 жылдың 28 қазанында математика және информатика пәні мұғалімдеріне арналған облыстық олимпиада өткізді.

Математика пәні бойынша олимпиада екі турдан тұрды:
I тур – практикалық,
II тур – әдістемелік.
Әр турға 90 минуттан уақыт берілді.

Информатика пәні бойынша олимпиада бір тур (практикалық) түрінде өтіп, қатысушыларға 180 минут уақыт берілді.

Барлығы 107 математика пәні және 46 информатика пәні мұғалімі қатысуға ниет білдірді.

Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері Абай облысы білім басқармасының «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ және Семей қаласындағы НЗМ-нің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Математика пәні бойынша I орын иегерлері:
Қизатолла Серікбек – «В. Маяковский атындағы орта мектебі» КММ, Жарма ауданы
Құдайбергенов Данияр Серікұлы – «Экономикалық лицейі» КММ, Семей қаласы

II орын иегерлері:
Абишев Нұрат Нұрғазыұлы, Байгалиев Қайрат Сыдыкович, Енсебаев Жасұлан Ерікұлы, Токчараева Асел Бейсенқызы, Свиридов Владимир Анатольевич, Толеубаева Айжан Токтарбековна, Сарсекеева Сымбат Жақсыбековна

III орын иегерлері:
Жұмабекова Назым Сембаевна, Разханов Азат Азаматұлы, Рейхерт Анастасия Николаевна, Салазкина Юлия Викторовна, Сыдыкова Асель Советқазыевна, Сыздыкова Анар Жомартовна, Черепанова Евгения Петровна, Ибраева Теңдік Серікжанқызы, Тезекова Гүлнұр Саулеханқызы

Информатика пәні бойынша I орын иегерлері:
Орынбаев Бақытбек Нұрлыбекұлы – «Көкпекті орта мектебі» КММ, Көкпекті ауданы
Бидахметов Ақылжан Нұрланұлы – Abai IT School, Семей қаласы

II орын иегерлері:
Арғынғазина Жанар Нұрлановна, Урузбаев Серік Орунтаевич, Доскалиева Арайлым Ғанибековна

III орын иегерлері:
Бузаухаев Қанат Балтабекұлы, Есіббаева Жансая Ерланқызы, Наширбекова Гүлім Мұратбекқызы, Рамазанова Динара Мұратқызы, Шакула Александр Олегович

Сонымен қатар, үздік нәтиже көрсеткен 3 математика және 2 информатика пәні педагогіне
IMPACT Olympiad-2026 халықаралық шығармашылық байқауына жолдама берілді.

Бұл жолдамалар «SemeyMath» математика мектебі және «Erudit Group» білім беру орталығының қолдауымен ұсынылды.

Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздердің кәсіби ізденістеріңіз бен еңбектеріңіз – жас ұрпақтың жарқын болашағына жол ашады.




Галерея







Видеогалереясы