Меню KDT

Басты бет

poster

КІТАПХАНАШЫ – МӘРТЕБЕЛІ МАМАНДЫҚ!

Биыл бұл мереке білім және мәдениет салаларының бірлесуімен жоғары деңгейде аталып өтті.
Мерекеге қатысушыларды тамаша көңіл күймен қарсы алған басқарма өкілдері құттықтау сөз сөйлеп, бұл күннің кітапхана ісінің қоғамдағы орнын айқындайтын мерейлі сәт екенін ерекше атап өтті.

Республикалық және облыстық деңгейде үздік кітапханашылар марапатталып, олардың еңбегі лайықты бағасын алды.

Кәсіподақ өкілдері өз сөзінде кітапханашылардың – тек кітап сақтаушы ғана емес, заман ағымына сай білім мен ақпарат тасқынының жетекшілері, оқырман мен рухани қазынаның арасындағы алтын көпір екенін атап өтті.

Ардагер кітапханашылар төсбелгілермен марапатталып, мереке қонақтарына мәдениет саласының өнер қайраткерлері өз өнерлерін тарту етті.

Кеш соңында «Ес-аймақ» орталығының студенттері ұсынған «Кітапханашы күнделігінен» атты театрландырылған қойылым көрермендерді ерекше әсерге бөледі.




Галерея







Видеогалереясы