Меню KDT

Басты бет

poster

«Мектепке дейінгі ұйымның жыл әдіскері» республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті!

Байқауға Ақсуат, Жарма және Мақаншы аудандарының мектепке дейінгі ұйым әдіскерлері қатысты.
Қазылар алқасы қатысушылардың:
методикалық E-портфолиосын,
педагогтермен және ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру бойынша жылдық жоспарларын,
инновациялық технологияларды енгізу және мектеппен байланыс бағытындағы жұмыстарын бағалады.

Қатысушылар мектепке дейінгі ұйымның ағымдағы оқу жылына арналған әдістемелік жұмыс жоспарын қорғады.

Қазылар алқасының шешімі бойынша жеңімпаздар:
Бас жүлде – Ахметова Ардак Серикбаевна, Абай облысы білім басқармасының Ақсуат ауданы білім бөлімінің «Балдырған бөбекжайы» КМҚК әдіскері;

I орын – Сейтқанов Олжас Жұмабекұлы, Мақаншы ауданының «Көктерек орта мектеп-бақшасы» КММ әдіскері;

II орын – Кумашева Шынар Курлусовна, Жарма ауданының «Айгөлек балабақшасы» КМҚК әдіскері.

Бас жүлде иегері А.С. Ахметованың конкурстық материалы республикалық кезеңге жолданды.

Барлық қатысушылар Абай облысы білім басқармасының «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ дипломдарымен марапатталды.




Галерея







Видеогалереясы