
Абай облысында білім сапасын арттыруға бағытталған жаңа бастама!
Абай облысы білім басқармасының және «Қазақстан халқына» ҚҚ, «Jelken foundation» ҚҚ, «Білім-Инновация» ХҚҚ бірлескен серіктестігімен әзірленген Жол картасын іске асыру мақсатында
11 тірек мектебі мен 36 шағын жинақты мектептің 1085 педагогіне арналған офлайн біліктілік арттыру курсы ұйымдастырылуда.
Бұл курс педагогтердің кәсіби даму әлеуетін арттыруға, мектептер арасындағы әдістемелік байланысты күшейтуге және сапалы білім беруді қамтамасыз етуге бағытталған.
Тыңдаушылар білім беру саласындағы соңғы жаңалықтармен танысып, жаңа материалды тиімді жеткізу әдістерін, дағдыларды қалыптастыруға арналған жаттығулар мен бақылау түрлерін меңгеруде.
Курстар қазан және қараша айларында, онлайн және офлайн форматта кезең-кезеңмен өтуде.


