
КІТАПХАНАШЫ КҮНДЕЛІГІ
ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, кітап әлемінде есімі кеңінен танымал Ғазиза Құдайбергенқызы Нұрғалиеваның «Кітапханашы күнделігі» атты театрландырылған қойылымы көрермен назарына ұсынылды.
Қойылымды сахналаған – М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің «Ес-аймақ» студенттік жастар театры.
Бұл ерекше қойылым – кітап пен кітапхананың жанды әлемін, оқырман мен кітапханашы арасындағы рухани байланысты, олардың ойы мен толғанысын, қуанышы мен еңбегін шынайы жеткізген әсерлі көрініс болды.
Екі жылға жуық дайындықтың жемісі болған бұл туынды – бүгінгі заман кітапханашысының өмірін айшықтап, көрерменге шабыт сыйлады.
Қатысқан облыс кітапханашылары мен көрермендер қойылымнан зор рухани әсер алды.


