
МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ ПЕН БАСТАУЫШ БІЛІМ: САБАҚТАСТЫҚ – ТАБЫС КІЛТІ
Семинарға өңіріміздің мектепалды даярлық топтарының тәрбиешілері, бастауыш сынып мұғалімдері мен орталық мамандары қатысты.
Негізгі мақсат – білім беру сабақтастығын қамтамасыз ету арқылы баланың табысты оқу жолының іргетасын қалау.
Іс-шара барысында педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісіп, мектепалды даярлық пен бастауыш буын арасындағы сабақтастықтың оқу сауаттылығын, математикалық және әлеуметтік дағдыларды қалыптастырудағы маңызын көрсетті.
Семинардың сұрақ-жауап сессиясында қатысушылар ата-анамен тиімді байланыс орнату, оқушының мотивациясын арттыру және бейімделу кезеңінде психологиялық қолдау көрсету мәселелерін талқылады.
Қорытындысында семинар білім беру процесіндегі үздіксіздіктің маңызын айқындап, педагогтердің кәсіби дамуына серпін берді.


