Меню KDT

Басты бет

poster

«СЫНДАРЛЫ КЕРІ БАЙЛАНЫС – КӘСІБИ ДАМУ КЕПІЛІ» АТТЫ ОНЛАЙН-СЕМИНАР ӨТТІ

Іс-шараға өңіріміз бойынша 100-ге жуық педагог қатысты.
Семинар барысында қатысушылар курстан алған теориялық және әдістемелік білімдерін өз тәжірибелерінде тиімді қолдану тәсілдерімен бөлісті.

Өз іс-тәжірибесімен бөліскен педагогтер:

А.Ж. Исмаил – (Семей, «№50 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі»),

Г.О. Аманбаева – (Аягөз, «№1 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ),

К.А. Хамитова – (Мақаншы, «Найманбай атындағы орта мектеп» КММ),

Г.М. Шатанова – (Мақаншы, «Қаратұма ОМБ»),

А.А. Чушекова – (Семей, «№52 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ).

Олар курстан алған білімдерін сабақ үдерісінде тиімді ұштастыру тәжірибелерімен бөлісіп, өз шеберліктерін көрсетті.

Семинар соңында барлық педагогтердің ұсыныстары тыңдалып, «Padlet» тақтасында интерактивті кері байланыс алынды.

Мақсаты:

«Қазақ тілі» мен «Қазақ әдебиеті» пәні (Т1) бойынша педагогтердің пәндік және кәсіби құзыреттіліктерін дамыту;

Педагогтердің кәсіби шеберліктерін арттыру және әдістемелік қолдау көрсету.

Іс-шара нәтижесінде ұстаздар қауымы өзара тәжірибе алмасып, кәсіби дамудың жаңа бағыттарын айқындады.




Галерея







Видеогалереясы