Меню KDT

Басты бет

poster

БІРІНШІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ БЕЙІМДЕЛУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ОҚУ МОТИВАЦИЯСЫ МЕН ЭМОЦИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Вебинардың мақсаты – бірінші сынып оқушыларының мектепке бейімделу кезеңіндегі оқу мотивациясы мен эмоционалдық тәжірибесінің ерекшеліктерін анықтап, педагогтер мен ата-аналарға тиімді психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету жолдарын ұсыну.

Іс-шара теориялық және тәжірибелік бөлімдерден тұрды. Вебинарға аудандық пән қауымдастығының жетекшілері, әдіскерлер және бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

Теориялық бөлімді модератор, Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығының әдіскері Ж.Д. Жайсанбаева жүргізді. Ол өз баяндамасында мектепке бару – баланың өміріндегі маңызды әрі жауапты кезең екенін атап өтіп, бұл уақытта әлеуметтік рөлдер мен міндеттердің күрт өзгеруі балаға психологиялық, эмоциялық және мінез-құлықтық бейімделуді қажет ететінін айтты.

Вебинар барысында тәжірибе алмасқан қатысушылар:

Семей қаласының №30 жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімі Салихова Мадина Рафиковна,

№35 жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімі Томашевич Ирина Николаевна,

Ақсуат ауданы білім бөлімінің «Қожагелді батыр атындағы орта мектеп» КММ мұғалімі Каргабаева Айнур Нуртазаевна.

Олар оқу мотивациясының қалыптасуы — баланың жетістігі, мұғалім мен ата-ананың қолдауы және мектепке деген оң көзқараспен тікелей байланысты екенін атап өтті.

Сондай-ақ вебинарда баланың эмоционалдық әл-ауқаты, сыныптағы ахуал мен мұғалімнің жылы қарым-қатынасының маңыздылығы айтылды. Педагогтердің қолдауы мен мейірімділігі бірінші сынып оқушыларының уайым деңгейін төмендететіні атап өтілді.

Іс-шара педагогтерге бейімделу кезеңіндегі баланың мотивациясын нығайту мен эмоционалдық тұрақтылығын қалыптастыруда жаңа идеялар мен тәжірибелер алмасуға мүмкіндік берді.




Галерея







Видеогалереясы